Алматыда коньки тебуге қайда тегін болады
Жарияланған күні мен уақыты:
«01-04-2024 15: 41»
Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды:
- Тұңғыш Президент саябағының алдында;
- Республика Сарайының алдында;
- Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша Таугүл ш/а;
- Шұғыла ш/а, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.
Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мұз айдындары ашылады.
Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.
Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.
Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.