Тұрғын үйді жекешелендіру
Жекешелердіруге қажетті құжаттар
1.Өздері тұратын үй-жайларын жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
2.Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері;
3.Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің көшірмелері;
4. Жалдау (жалға алу) шартын не тұрғын үй ордерінің көшірмелері;
5. Аумақтық әділет органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы);
6. Анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;
7. Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
8. Халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат;
9. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
10. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешегі жоқтығын растайтын құжат;
11. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жеке меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат.
Құжаттарды қайда өткізу қажет?
Құжаттарды қабылдау Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының кұжаттық қамтамасыз ету бөлімі арқылы жүзеге асырылады (103 каб., дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап: күнтізбелік 30 күн.
Egov.kz порталына сілтеме
Өтінішті онлайн жіберу үшін мемлекеттік қызметтер порталына осы сілтеме арқылы өтіңіз.