Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасын онлайн түрде қалай сайлауға болады

Жарияланған күні мен уақыты: «18-04-2024 07: 56»

Тұрғындар МИБ төрағасын қол жинамай-ақ қайта сайлауға, үйді басқару бойынша жылдам шешімдер қабылдауға мүмкіндік алды.

Әділет министрлігі «Управдом» ЖШС-мен бірлесіп, тұрғындардың қолдарын онлайн жинауды, дауыстарды автоматты түрде санауды, кворумды есептеуді және электрондық хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «МИБ цифрландыру» жобасын іске қосты.

Қазіргі уақытта шамамен 25 МИБ электронды түрде тіркелген. Бұл жоба МИБ қызметінің ашықтығын, алаяқтық әрекеттерді болдырмауды, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруды, қағаз құжат айналымын жоюды көздейді.

Электрондық дауыс беру бойынша жоғарыда аталған тетікті қолдана отырып, барлық қазақстандықтарға «МИБ төрағасын ауыстыру» қызметі қолжетімді.

МИБ төрағасын ауыстыру үшін:

  • «Управ.дом» мобильді қосымшада авторизациядан өту;
  • дауыс беру;
  • жаңа төрағаны таңдау.

Осы шарттар орындалғаннан кейін МИБ төрағасы автоматты түрде қайта сайланады.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі