Медициналық сақтандыруды қалай алуға болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 21: 08»
Ерікті медициналық сақтандыру

Ерікті медициналық сақтандыру дегеніміз – сақтандыру өнімі, ол бойынша сіз мамандандырылған жекеше клиникалар мен медициналық орталықтарда заманауи, сапалы қызмет алу мүмкіндігін иемденесіз.

Медициналық сақтандыруды алу үшін, қызметтің осындай түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының біріне жүгіну қажет.

Медициналық сақтандырудың толық пакеті нені қамтиды?

  1. Жедел медициналық жәрдем (шұғыл медициналық жәрдем және ауруханаға жатқызу).
  2. Амбулаториялық-емханалық жәрдем (зертханалық диагностика, отбасылық дәрігерлер мен тар ауқымды мамандардың қабылдауы мен кеңестері, вакцина егу, физиоемдеу, массаж және басқалары).
  3. Жұмыс күні бойына үйде қызмет көрсету.
  4. Стационардлық емдеу (хирургиялық жәрдем, қарқынды терапия және басқалары).
  5. Стоматологиялық қызметтер.
  6. Келісілген лимит шегінде амбулаториялық емдеу үшін дәрігердің дәріқағазы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
  7. Жылына 1 рет профилактикалық қарап тексеру (тар ауқымды мамандардың кеңесі, зертханалық және құрал-саймандық тексеру – ҚЖТ, ЗЖТ, микрореакция, флюорография).

Ескертпе: қазақстандық сақтандыру компанияларында сақтандыру жағдайларынан өзгешеліктер бар, сондықтан ерікті медициналық сақтандыру полисі клиенттерді аса қауіпті және кәсіби аурулардан, сондай-ақ асқынуларды қоспағанда созылмалы аурулардан қорғамайды.